Archive for Мамыр 18, 2008

kyzykty suretter

suyla şarj

//pit.dirty.ru/dirty/1/2008/03/29/25703-154628-4c1483f20d616ba06c673a1791c4806a.jpg" grafik dosyası hatalı olduğu için gösterilemiyor.

Пікірлер

“Ит” -ке темір неге керек деген ойдан арылар уақыт жетті

Қай бір күні темір жол бекетінде жолаушылардың жүктерін таласа-тармаса, жарыса-жамыраса тасып жүрген өрімдей жас жігіттерге қарап ойланып қалдым… Осы бізде қазір жаңа заманның жаңа технологиясын меңгерген жаңа жастарымыз бар ма?

 

Әлемдегі болып жатқан тарихи, экономикалық өзге­рістерге көз жүгіртсеңіз, оның барлығы да озық тех­нологиялардағы даму құбы­лыс­тарына тән екенін бай­қайсыз. Ал, енді техноло­гиялық даму сатысының жо­ғарғы деңгейіндегі елдердегі кәсіби салалардағы жаңа­лық­тар көп жағдайда ақпа­рат­тық технологияларды пайдаланумен байланысты екенін де білеміз. Алғашын­да тек математика мен кей­бір жаратылыстанушы ғы­лымдарда ғана пайдала­нылып келген информатика ( немесе компьютерлік ілім) осы күнде  баршаға таныс. Жаңа Ақпараттық техноло­гиялардың (АТ) негізі де сол информатикамен тығыз байланысты. Тіпті, кейде ол күнделікті қолданылатын құрал болып бара жатыр деп те айтылып жүр.  Әрине, көп­теген жаңалықтарды адам­зат  тұрмыс тіршілікті жеңілдету мақсатында ойлап табатыны сөзсіз. Шынды­ғында, әуел бастан есептегіш машина күрделі математи­калық өрнектерді шығаруды  автоматтандыру арқылы жеңілдететін құрал ретінде кеңінен пайдаланылды. Со­нау Паскаль арифмо­метрі­нен бастап таратылатын оның тарихы да көбімізге кеңінен аян.

Кейіннен осы бір сала ғы­лыми көзқарастардың тұ­рақты нысанасына айнала бастады. Әсіресе, жиырма­сыншы ғасырдың  ортасын­да тұжырымдалған фон Ней­манның “ашық жүйе”  не­гіздері компьютерлік тео­рияны әрі практиканы дамы­туға айрықша әсер етті. Есептегіш қондырғыларды жа­сау мен жетілдіруге кәсіп­тенген ІBM (Іnternatіonal Bu­sі­ness Mashіne corpora­tіon), SUN Mіcrosystems се­кілді ірі компаниялар сол кезде негіз ала бастады. Ал, енді сол есептегіш машина­ларды пайдалана отырып, күрделі мәселелер шешу үшін ойлап табылған тәсіл­дер(алгоритмдер) мен олар­ды машинаға түсіндіріп, орын­дататын бағдарлама­лардың осы күнде сан-алуан түрі пайда болған. Осы уақыт­та негізгі операциялық жүйелік (ОЖ) бағдарлама­лар жасайтын алпауыт фир­­ма­лар санына  Mіcrosoft, ІBM, Hewlett Paccard (HP) т.т. кіреді. Нақты ақпарат­тық берілген мәндерді өңдеп пайдалануға әрі статистика­лық, талдамалық тұжырым­дар жасауға арналған бағдар­ламалық құралдарды, яғни aқпараттар базасын басқару жүйесін (АББЖ, engl.: DBMS) шығаратын Oracle, Sybase т.т. бар. Кейінгі кез­дерде басты талдамалық бас­қару жұмыстарын жеңілде­тетін әрі басшылардың ше­шім қабылдауын автомат­тандыруға арналған ақпарат­тық мәндер қоймасы (АҚ, engl.: DWH) деген атпен белгілі технология кеңінен қолданылуда.

Соңғы уақытта  құлаққа жиі естіле бастаған “элек­тронды үкімет”  турасында ай­тар болсақ,  ол халық тұ­ты­натын мемлекеттік қыз­мет түрлерін жаппай авто­мат­тандыру, ақпараттандыру екені түсінікті. Жаппай ақпа­раттандыру дегенде біз тек қана мемлекеттік ор­гандар мен қаржылық инс­ти­туттар емес, өндірістік са­ла мен мәдениет, білім беру жүйелерін де, оған қоса жеке шаруашылықтарды да бір ақпараттық инфрақұрылым­дарға қамту деп түсінуіміз қажет. Ал, сол ақпараттар або­ненттерге (яки, тұты­ну­шыға) тез арада жете қою үшін жоғары жылдамдыққа ие байланыс түрі керек. Мұндай байланысты қамтамасыз етуге  арнайы қондырғы мен тал­шықты-оптикалық желі не­месе жасанды серіктер арқылы жасалатын байланыс жаб­дықтары керек екені туралы да ескерген жөн. Мұндай инфра­құрылымдық жобаларды қам­тамасыз ететін арнайы қон­дырғылар жасайтын дүние жү­зіне аты мәшһүр Cіsco, Alcatel, Sіemens секілді көп­теген ком­паниялар бар.

Осы күндері АТ-қа байла­нысты небір жаргондар пайда болған. Мысалы, компью­терлік бағдарлама “жұм­сақ”(soft), ал есептегіш қон­дырғылар “қатты” (нard) деп аталып кеткен. Мақаламызға арқау болып отырған тақырып та осы сөздердің қатарында жиі қолданылады. Шынында да, орысша қысқарған сөз “ИТ – Информационные тех­но­логии”, яғни, “Ақпараттық технологияларды” білдірсе, ал “темір” сөз жалпы ком­пьютерлік қондырғылардың орысша “железо” атауынан шыққан сөз (Бәрімізге таныс мәтелді “астыртын мағынада” қолдануымды оқырман қауым түсінер деп ойлаймын… )

Міне, өздеріңіз байқап отыр­ғандай, ақпараттық тех­нологиялар дамуы түрлі саты­дан өтуде. Әрине, бұл көшке елдің бәрі бірдей біркелкі ілесе алмайтындығы белгілі. Сол себепті кейінгі кезде әлемде “сандық теңсіздік” деген ұғым қалыптасты. Бұл мәселені рет­теу  үшін дүние жүзінде түрлі ұсыныстар жасалуда, әдістер қолданылуда. Мысалы, жаңа технологияларды қолдануда ал­дыңғы қатарда саналатын Корея ақпараттық технология­ларға бай және кедей елдердің, дамыған және артта қалған елдердің қол жеткізуінің теңсіздігін жою мақсатында БҰҰ-мен бірлесе отырып, АТ-жаттығу орталы­ғын ашуда.

Қазақстанның да ақпарат­тық технологиялар жаңалығын енгізуде атқарып жатқан ша­руасы жоқ емес. Десе де, осын­­дағы бір ескеретін жайлар бар.

Біріншіден, ол – қазақ жастарының заманға сай тех­нологияларды меңгеру деңгейі қай дәрежеде деген мәселе.

Екіншіден, жалпы азамат­тық қоғамымызда мәдени, ғы­лыми және іскерлік ортаның жаңа технологияға бетбұрысы артуда ма деген сұрақ.

Алдымен біздің елге жаңа технологиялар қалай еніп жат­қанына тоқталайық.

Алғашқы жергілікті тұрақ­ты компьютерлік фирмалар мен серіктестіктер 1990-шы жылдарда пайда болды. Олар­дың дені сол кезде ТМД-да кең тараған Dbase2, FoxPro АББЖ-мен шұғылданатын топтар негізінде  құрылған-ды. Басты “кейіпкерлері” қолдан­балы математика мамандары болып келетін олар бухгал­терия есептерін, құжаттар ай­налымын реттеуді  автомат­тандыруға көбірек көңіл қой­ды. Бағдарламалық қамдауды (БҚ, engl.: Software) орнататын аз-кемді техникалық қондыр­ғыларды (ТҚ, engl.: Hardware) да тапсырыс берушілерге өз­дері алып беретін. Әлі ақпа­раттандырудағы стандарттар мен жалпы ережелердің ауылы алыстау секілді болатын. Дегенмен, біртіндеп БҚ мен ТҚ қоюмен шұғылданатын фирмалар ажыратыла бастады. Яғни, кәсіби бөліну басталды деген сөз. Әлемдегі белсенді ТҚ мен БҚ шығарып қоюмен айналысатын фирмалар осы сәтті күткен секілді болатын. Сөйтіп, өткен ғасырдың тоқ­саныншы жылдарында елі­мізге шетелдік алпауыт ком­паниялардың өкілдері ене бас­тады. Олар жергілікті өкілет­тіктер ашып, немесе Мәскеу­дегі өкілеттіктерінің арқасында біздегі рынокты, автомат­тандыруға деген сұранысты зерттей бастады. Қазақстан­дағы даму қарқындары жоғары банктер бірден олардың стра­тегиялық тапсырыс беруші­леріне айналды. Келесі лекке ұлттық компаниялар мен ірі министрліктер кірді. Бұл қа­тардағыларға ең сұраныс тап­қан БҚ – автоматтанды­рылған құжат айналымы (АҚА) мен бухгалтерия (АБЕ-автоматтандырылған бухгалте­риялық есеп) енгізу болып табылды. Әрине, жоғары оқу орындары да шетелдіктердің назарынан тыс қалған жоқ. Оларға автоматтандырылған оқу ісін жүргізумен бірге кей­бір пәндердің автоматтан­ды­рыл­ған зертханалық жұмыс­тары ішінара таратылды. Осылайша елімізде Lotus Notes (Lotus Domіno), 1C  және бас­қа да кешенді  бағдарламалық қамдаулар пайда болды. Бір айта кететін жәйт, осы екі БҚ   АҚШ (ІBM ) пен Ресей (1С) компанияларына тиесілі екен­дігі. Кәсіпорындарды автомат­тандырудың келесі белесі бі­рік­тірілген ақпараттық жүйе­лерді (БАЖ , engl.: ERP- enterprіce resource plannіng) енгізумен байланысты. Бұған себеп — ұжымдардағы маман­дарды іріктеу, тәркілеу бағ­дарламаларының (ЭМТ, элек­тронды түрде мамандарды тәркілеу жүйесі) АБЕ БҚ-дағы “жалақы төлеумен”  бай­ла­ныста болу қажеттілігі, негізгі салалық жұмыстың эконо­микалық көрсеткіш­терінің бұлармен әрі логис­тикалық ақпараттық жүйемен сәйкес­тендірілуі, т.б. Бұл ба­ғытта машықтанған германия­лық SAP AG  компаниясының  SAP R/3, америкалық  BAAN, JD Edwards, People soft  фир­маларының өнімдерін сату үшін Қазақстанға өкілдер келді. Жергілікті өкілеттіктер ашыла бастады. Олардың діттеген мақсаттары қаржылық мүмкіндігі жоғары ұлттық компанияларға өз өнімдерін сату болды. Біртіндеп елімізде ERP-жүйелер “сатқыш” фир­малар пайда бола бастады. Әу бастан ақпараттық техноло­гия­ны меңгеруге құлық таныт­паған қазақ жастары қаржы­лық қызметтен шет қалды. Бер­тін келе қазақ тілді жастар кәсіби мамандықты игеріп, диплом иегері атанса да атал­ған фирмаларға жаппай сіңісіп кете алмай жатыр. Осы бір олқылықты реттеу қажет екені айдан анық. Әрине, шетелдік­тердің жергілікті ұлт өкіл­дерінің мамандық деңгейіне деген көзқарасы әр түрлі бо­луы мүмкін, десе де, жастарды жаңа технологияларға тәрбие­леу тез арада шешім қабыл­дауды талап ететін мәселе.

Жалпы азаматтық қоғамы­мыздың жаңа технологияларға бетбұрыс мәселесіне, жоғары­да айтылған “сандық теңсіз­дік” ұғымы тұрғысынан кел­сек, оны айқындай түсеміз. Ауылдар мен шағын қалалар мектептерінің техникалық жаб­дықталуының нашарлығы, жалпы технократтық мәде­ниет­тің жетіспеушілігі, ана тіліміздегі жаңа технологиялар саласындағы кітаптардың мардымсыз саны т.т., қазақ тілді жігіттер мен қыздардың компьютерлік мамандықтарда жетіспеушілігін әрі түсініспеу­шілігін   туындатты.

Жекелеген экономика са­ла­ларында да ақпараттық тех­нологияларды пайдалану дең­гейі ой қозғарлық жәйт екені түсінікті. Туризм, ауыл шаруа­шылығы, құрылыс сала­ла­рын­да жаңа технология­ларды да­мыған елдердегідей бә­секеге қа­білеттілікті артты­ратын құ­рал ретінде неге пайдалан­басқа?

Ал, енді жағдайды түзеу үшін не істеу қажет деген заң­­ды сұрақ туады. Оған жауап ретінде әлемдік озық тәжіри­белер негізінде тиісті шара­ларды жүзеге асыру қажет еке­нін айтсақ болады. Ал, енді нақтылап келсек, елімізде ұлт­тық ақпараттық технология­лық дамуды жол­ға қою үшін әр түрлі салада тез арада ше­шу­ді талап ете­тін мынадай мә­селелер бар. Біріншіден, жаңа техноло­гия­­ларға негізделген мәде­ниетті дамыту.  Ол үшін қа­зақ тіліндегі оқулықтар мен әдеби кітаптардың элек­трон­­дық нұсқаларын жасау­ды жеделдетіп, оларды ар­найы сайттарда орналасты­ру. Тез арада Rambler, Google, Yahoo секілді әйгілі интернет порталдарды қазақ тілінде ұйымдастыру. Үл­кендер мен балаларға арнал­ған энциклопедиялық сайт­ты (Wіkіpedya сияқты) мем­лекеттік тілде жасау да кезек күттірмейтін іс.  Мемле­кеттік телеарналардың бірін­де АТ тақырыбын қамтитын кең аудиторияға арналған хабарларды ұйымдастыру. Азаматтық қоғамның “элек­тронды үкімет” бағдар­лама­сына тікелей қатына­суын арттыратын шара­ларды жү­зеге асыруда нақты қадам­дар жасалуы тиіс.

Екіншіден, жаңа техно­логиялар негізі болатын жа­ратылыстану ғылым­дары­ның маңызын арттыру. Бұл орайда түрлі сатылардағы оқыту мекемелерінің қол­дан­балы математика, экспе­риментті физика ж.б. пән­деріне арналған оқу-әдіс­темелік базаларын жетілдіру керек.

Қолданбалы математика мен математикалық эконо­ми­каны ақпараттық техно­логиялар жетістіктерін пай­далана отырып оқытатын жаңа әдістемелер енгізу. Тез дамып келе жатқан бағдар­ла­малық әдістерін меңгеруге арналған жаңа кәсіптер енгізу мақсатында техника­лық мамандықтар тізімін жоғары жылдамдықта есеп­те­гіш инженер, сервиске бағытталған архитектура құрастырушысы маман­дықтарымен толықтыру.

Үшіншіден, құрылыс ісін ақпараттық технологиялар арқылы дамыту. Бұл тұрғыда нысандар салушылар ара­сында бәсекелестікті артты­ру мақсатында ұлттық “ин­тел­лектуалды үй” стандарт­тарын енгізу маңызды. Риэл­торлық рынокты авто­маттандыру (жылжымайтын мүліктің орталық интернет порталын құру) өте қажет.

Төртіншіден, көлік ин­фра­құрылымын дамыту, оны осы заманға сай жүк және жолаушылар тасымал­дауды басқаруға арналған отандық ақпараттық жүйе, тасымал-логистикалық орта­лықтардың жұмысын рет­теуге арналған жаңа ақпа­раттық жүйе жасау арқылы жүзеге асыруға болады.

Бірінші, туризмді дамы­ту. Ол үшін Гео-ақпараттық жүйе (ГАЖ) негізінде жа­салынған отандық анықта­малық-іздестіру порталын дамыту қажет.

Бұл айтылған бағыттар тек  бір қарағанда ғана көзге түсер мәселелер. Шынды­ғында, жаңа технология­ларға ұлттық нақыш беру туралы шағын бір мақалада толықтай ойды тиянақтау да мүмкін емес. Көкейкесті сұ­рақтарды шешу үшін ар­найы инвестициялық саясат керек екені әбден түсінікті. Оның алдында арнайы се­ми­нарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, онда осы саладағы алдыңғы қатарлы АТ-ұжымдар мен жекелеген азаматтар негізгі тақырып­тық жоспарды бекіту қа­жеттігі де кезек күттірмейтін мәселе. Келесі қадам — ар­нау­лы мемлекеттік үйлесті­руші кеңес құрып, инвес­торларды тарту мәселесін шешуді же­делдету. Уақыт та, техно­логия да қарыштап дамып бара жатқан мына заманда көштен қалмау мә­селесін қа­рапайым азаматтан қолында билігі бар шенеу­нікке дейін­гілері бей-жәй қалдырмаса екен деген тілек бар.

Астана.

Авторы: Амандос СҰРАНШИЕВ, физика-математика ғылымдарының кандидаты.

Пікірлер

Информатика негіздері

Электрондық оқу-әдістемелік кешен “Информатика негіздері” және “Оқытудың ақпараттық технологиясы” атты екі модульден тұрады. Әр модуль микромодульдерге бөлінеді.

Бірінші модульде теория мен практикалық тапсырмалар, бақылау жұмыстары, анықтамалық сөздік, видео-, аудио-, әдістемелік материалдар қарастырылған. Әр микромодульде білім тексеруге арналған тестілер берілген. Егер тақырыптың 80% меңгерілсе, келесі тақырыпқа көшуге рұқсат беріледі, ал кері жағдайда тақырыпты қайталау қажет екені ескертіледі.

Екінші модульдің мазмұны электрондық дәрістер жинағы түрінде берілген.

ЭОӘК оқушылардың сабақта информатикалық оқу материалын меңгеруі үшін, мұғалімдердің инфориматика сабақтарына дайындалып, оны жүргізуі үшін, педагогикалық оқу орындары студенттерінің ақпараттық технология туралы түсініктерін қалыптастыруы үшін қажет құрал болып табылады.

ЭОӘК-ді электрондық оқу залы мен компьютерлік сыныптарда пайдалануға болады.

 

Мұханбетжанова Ә. М., Медешова А. Б.

http://kaz.wksu.kz/modules.php?name=Content&pa=showpage&pid=22#

Пікірлер